Қоғам

Жас өлкетанушылардың облыстық слеті өтті

«Тарихқа тағзым – болашаққа бағдар» атты облыстық жас өлкетанушылар слеті өтті. Шара Айыртау ауданындағы «Шағала» жазғы балалар сауықтыру лагерінде ұйымдастырылды. Оған 8 және 10-сынып оқушыларынан жиналған 14 команда қатысты. Білімпаздар 3 күн бойы жарысып қана қойған жоқ, өлкеміз туралы қызықты деректерге қанықты. Сондай-ақ, балалар үшін арнайы экскурсия ұйымдастырылды. Оқушылар жылқы алғаш қолға үйретілген Ботай қонысымен танысты. Сырымбет ауылында орналасқан Ш.Уәлихановтың әжесі Айғаным қонысына барды. Осылайша, солтүстіктің құнды байлықтарын өз көздерімен көріп, тарихқа көз жүгіртті. Слеттің жабылу салтанатында үздік нәтиже көрсеткендер диплом мен кубокқа ие болды. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.

 

Аснурия Абдула