Құқық қорғау органдары

Түнде көше кезген 125 баланың ата-анасы жауапкершілікке тартылды

– Здравствуйте! Старший инспектор группы ювенальной полиции управления МПС майор полиции Тикбаев. У нас проходит ОПМ «Подросток». Разрешите ваши документы. – Да, конечно.

Облыста 3 күн ішінде түнде жалғыз өздері жүрген 125 бала ұсталды. Ұл-қыздардың әке-шешелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Өңір полицейлері маусымның 7-сі мен 9-ы аралығында “Жасөспірім” жедел профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Соның барысында іс-түссіз жоғалып кеткен 17 жастағы жасөспірім табылды. Оны тәртіп сақшылары балаларды қолдау орталығына орналастырды. Естеріңізге сала кетейік, заң бойынша кәмелетке толмаған ұл-қыздарға түнгі 23:00-ден кейін заңды өкілсіз жүрулеріне болмайды.

АЙТЖАН БӨГЕНБАЙ, қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімшесінің инспекторы:

– Бұл іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ, балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтың алдын алу болып табылады. Іс-шараны өткізу кезеңінде кәмелет толмағандар арасында құқық бұзушылықтарды болдырмауға, сонымен қатар, жасөспірімдердің заңды өкілдерсіз түнгі уақытта жүрмеуіне баса назар аударылды. 

Бұдан бөлек, профилактикалық шара кезінде жағдайы төмен 23 отбасы анықталып, есепке қойылды. Ал 28 заңды өкіл кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

 

Гульден Симбаева