Қоғам

Қазақстанда бір жылда тұрғын үй бағасы 6 пайызға қымбаттады

Қазақстанда бір жылда жаңа тұрғын үй құны 6 пайызға қымбаттады. Бір шаршы метрдің бағасы бойынша Павлодар, Ақтау және Ақтөбе қалалары көш бастап тұр. Бұл туралы LS ақпараттық порталының сайтында жазылған. Қайталама нарықтағы тұрғын үй бағасы 2,8%-ға өсті. Қостанай мен Қызылордада оның құны 23%-ға артыпты. Жалға алуға келетін болсақ, бұған қатысты бағалар 26%-ға көтерілген. Баспананы жалға алу құны, әсіресе, Алматы, Петропавл мен Көкшетау қалаларында жылдам өсуде. Облыс орталығының өзінде бір шаршы метр шамамен 2 жарым мыңға қымбаттаған.

 

Самал Жунусова