Энергетика министрлігі “Инвестиция орнына Тариф” жаңартылған бағдарламасын іске асыруға кірісті, деп хабарлады ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов.
Бағдарламаның басты мақсаты-генерация секторына инвестициялар тарту арқылы елдің электр станцияларының тозуын кемінде 15% – ға төмендету. Кәсіпорындарды қолдау мен міндеттемелердің қолданыстағы тетіктерін күшейту жаңартылған бағдарламаның маңызды бөлігі болып табылады. Техникалық аудит пен әзірленген іс-шаралар жоспарына сүйене отырып инвестицияларды қайтару лимитін ұлғайту тозу деңгейі ең жоғары станцияларды жаңғырту және реконструкциялау жөніндегі жобалар пулын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Нұрмағанбетов сондай-ақ электр қуатының дайындығын қолдау қызметтеріне шекті тарифті арттыру керектігін атап өтті жобаларды іске асыру кезеңінде қосымша қаражатты қамтамасыз етеді.