Қоғам

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31-ші мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. 1921-1933 жылдар аралығында 2 млн-нан астам қазақстандық аштықтан көз жұмды.
Ал 37-де Алаш үшін атойлағандар саяси репрессияға ұшырап, ату жазасына кесілді. Жергілікті тарихшылардың дерегіне сүйенсек, жалпы 160 мыңнан астам адам саяси репрессияға ұшырады. Оның 25 мыңы атылды. 2021 жылы елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен оның жанынан өңірлік жұмыс топтары ашылды. Олар тағдырдың тәлкегіне ұшырағандардың есімін жаңғыртумен айналысуда. Маңызды міндет жүктелген жанның бірі – тарих ғылымдарының кандидаты Зәуре Қартова.

ЗӘУРЕ ҚАРТОВА, тарих ғылымдарының кандидаты:

– 1937-1940 жылдары аралығында «Алжир» сияқты лагерьлерде ұсталған адам саны 5 млн-нан асқан. Президент бұйрығымен арнайы комиссия пайда болған. Сол комиссияның аймақтық мүшелері ретінде біз көптеген деректі дүниеге әкеліп, саяси құрбанға айналған адамдардың есімін жаңғыртып, осы оқиғаларға тарихи сипаттама беріп отырмыз. 100-ден астам адам СҚО-да саяси құрбанға айналды. Олардың ішінде Мәди Ағысов сияқты көптеген дін өкілдері де бар.

 

Самал Жунусова