Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған “Бала қорғау”кешенді жоспары бекітіледі

Қазақстанда балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің 2023-2025 жылдарға арналған “Бала қорғау”кешенді жоспары бекітіледі.

Осы жоспарды қамтитын Үкіметтің қаулысы Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында жарияланды. Жобаның мақсаты балалар үшін қауіпсіздік жүйесін құру, оларға уақтылы білікті көмек көрсету, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін қосымша шаралар қабылдау болып табылады.

Құжатта жобаны қабылдау үшін тиісті құқықтық актілер, халықаралық шарттардың нормалары, Қазақстан Республикасы ратификациялаған, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың хаттамалық шешімдері және Президенттің, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының өзге де тапсырмалары негіз болып табылатыны атап өтілген.