Құқық қорғау органдары

Жыл басынан бері 128 теріскейлік хабар-ошарсыз кеткен

Ағымдағы жылы 128 солтүстікқазақстандық хабар-ошарсыз кеткен. Теріскейліктердің 12-сін тәртіп сақшылары тапқан. Соңғы жағдай Тайынша ауданында болды. 21 сәуір күні аудан орталығында орналасқан психикалық денсаулық орталығынан 29 жастағы ер адам шығып кеткен. Полицейлер азаматты жедел арада іздестіре бастайды. Оған еріктілер де атсалысады. Науқастың фотосы әлеуметтік желіде желдей есті. Жоғалған адамның мекенжайы 25-сінен 26-сына қараған түні белгілі болды. Бірінші Астанаға жеткен ер адам кейін Мариновка ауылын паналаған. Сәуірдің 26-сы күні азаматты полицейлер Тайыншаға жеткізіп, орталық мамандарына тапсырды.

 

Алдияр Айтпаев