Қазақстан жаңалықтары

 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисимен кездесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасының президенті Ибрахим Раисимен кездесті.

Кездесу барысында сауда бағытындағы жұмысты күшейту мақсатында Қазақстанның Ирандағы арнайы сауда өкілін тағайындау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және шекара маңы ынтымақтастығын дамытудағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ортақ бастамаларды жүзеге асыру жайын талқылады.

Әлихан Смайылов ресми сапар аясында Иранның бірінші вице-президенті Мохаммад Мохбермен келіссөздер жүргізді.

Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар ведомствоаралық және коммерциялық құжатқа қол қойылды.