Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің директоры Бауыржан Ақатаев Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шетелдік корейлер істері және консулдық мәселелер жөніндегі директоры Ким Минчхолмен консулдық консультациялар өткізді.
Тараптар екі ел азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелерін, сондай-ақ құқықтық саладағы ағымдағы ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЙ қатынастарының өзекті аспектілерін талқылады.
Атап айтқанда, еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыс күшін тарту және пайдалану процестерін реттеуге өзара мүдделілік негізінде, корей тарапы шетелдіктерді жұмысқа орналастыру жүйесі шеңберінде қазақстандық жұмыс күшін тарту жөніндегі келіссөздер процесін бастауға дайын екендігін білдірді.
Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар Астанада келесі отырысты өткізуге дайын екендіктерін білдірді.