Қоғам

Ит-мысыққа чип салу міндетті болады

Облыстық ветеринария басқармасында «TANBA» ақпараттық жүйесіне қатысты оқыту семинары өтті. Бұл платформа ит-мысықты есепке алу үшін қажет. Семинарға жануарлар үйі мен ветеринарлық клиникалардың қызметкерлері және жануар жанашырлары шақырылыпты. Қазақстанда қыркүйектің 1-інен үй жануарларын чиптеу жөніндегі ережелер күшіне енеді.

ЖАНАТ ӘМІРЖАНОВ, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:

– Белгілі бір жануар жоғалып кетсе, оны сканердің көмегімен чип бойынша тауып алуға болады. «TANBA» деген база жұмыс істейді. Онда жануардың нөмірі мен иесі жайлы ақпарат жазылады.

Жануарды далаға тастап кеткеннің өзінде мойнында чип болса, қожайынын бірден тауып алуға болады. Жалпы, чиптеу жұмысы ветеринарлық клникаларда жүргізіледі.

ОЛЕГ ЧЕРНЕНКО, ветеринарлық клиника өкілі:

– Процедура барысында ауырсыну болмайды. Кәдімгі екпе еккен сияқты укол салынады. Жануар ештеңе сезбейді. Чиптің көлемі сіріңкенің басымен бірдей.

Ит-мысығын иесі өз ақшасына чиптейді. Әлеуметтік тұрғыда осал жандар үшін бұл қызмет тегін болады.

 

Гульден Симбаева