Құқық қорғау органдарыМәдениет

Интернационалдық отбасында тәрбиеленген тәртіп сақшысы

“Әкем – орыс, анам – қазақ. Жүрегіммен әрі орыс, әрі қазақпын”,- дейді
тәртіп сақшысы Раиса Зуева. Қалалық полиция басқармасының қабылдап-тарату орнында қызмет ететін маман құқық қорғау органына 3 жыл бұрын жұмысқа орналасыпты. Интернационалдық отбасында тәрбиеленген Раиса бала кезімізден ұлтаралық сыйластық пен татулықтың құндылығы жайлы ұғымды бойымызға сіңіріп өстік дейді. Жалпы, солтүстікқазақстандық полиция қатарында бүгінде 21 ұлттың өкілдері еңбек етеді.