“Сөйлейтін қабырғалар”. “Нұр бөбек” бөбекжай-балабақшасында осындай семинар өтіп жатыр. Оған қалалық және аудандық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының әдіскерлері мен тәрбиешілері, М.Қозыбаев атындағы СҚУ оқытушылары мен студенттері қатысуда.
“Өрлеу” мамандарының айтуынша бұл әдіс Эстонияда қолданылады екен.
ЛЕЙЛА АЛМАҒАНБЕТОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша филиалының директоры: “Балалар информацияны жәй отырып меңгере алмайды:
– Оны ұстап, қозғалып, ойнау арқылы ақпаратты меңгере алады. Сондықтан, барлық тәрбиешілер түсінулері керек, “Сөйлейтін қабырғалар” – ол құр әдемі безендірілген қабырғалар емес, бұл оқу бағдарламасына сәйкес дидактикалық жинақ.
Аталған әдіс негізінде қабырға суреттермен безендіріледі. Яғни, қабырғаға қағаздан қиылған мүсіндер жабыстырылады. Әдістің “Сөйлейтін қабырға” деп аталуы да осыған байланысты.
46 план, 2:39 Гүлмира Латыпова – “Нұр бөбек” бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі “Мысалы, қуыршақтарды киіндіргенде, оларға ұлттық киімдер кигіземіз. Бөлек-бөлек көйлегін, шапанын, етігін кигізеді, тіпті, әшекейлерін де ойластырдық. Алқа тағады, құлағына сырға тағады, қолына білезік, саусағына сақина тағады, бірнеше бас киім бар: сәукеле, тақия, бөрік. Соның барлығын балалар атап, кигізіп, түсін таңдайды”.
“Нұр бөбек” бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Гүлмира Латыпованың айтуынша, бұл тәсіл баланың сөйлеу қабілетін дамытады әрі шығармашылық тұрғыда дамуына ықпал етеді.
Гүлмира Латыпова, “Нұр бөбек” бөбекжай-балабақшасының қазақ тілі мұғалімі:
– Балаларды киіз үйбен таныстырғанда оның әрбір бөлігін алынбалы-салынбалы етіп жасадық. Себебі, әрбір бөлігін балалар атай алатындай мүмкіндік жасадық. Балалардың сөздік қоры дамиды, олардың сөйлеу, тілдік қабілеттері артады. Балаға қазақ тілін үйретуде сұрақ қойып, оны тыңдап, дұрыс жауап беруіне мән береміз. Осы кезде дидактикалық материалдардың көмегі зор.
Семинарға барлығы – 30-ға жуық адам қатысты. Бұл – “Сөйлейтін қабырға” тақырыбында ұйымдастырылған 3-ші шара.