Құқық қорғау органдары

СҚО-да “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Солтүстік Қазақстан облысында “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Оның мақсаты – қоғамдық көліктегі қауіпсіздікті нығайту. Акция аясында тәртіп сақшылары таңертең жүргізушілерді медициналық тексеру қалай жүргізілетінін байқады. Содан кейін желідегі тексерулер басталды. Мамандар жолаушыларға арналған сақтандыру полисін, темір тұлпардың техникалық жай-күйін, оның ішінде өрт сөндіргіштер мен балғалардың болуын қарады. Ал тасымалдаушылар тарапынан жедел-алдын алу іс-шарасына қарсылық туындамады. Полицейлердің сөзінше,
автобус жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – тұрақты жұмыстың бірі.

ӘСЕМГҮЛ ӘЛІБАЕВА, СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы:

– Ағымдағы жылдың 3 айының қорытындысы бойынша біздің облыстың аумағында жолаушылар автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ. Полиция департаменті жолаушылар автокөлігі мен жүргізушілері тарапынан құқық бұзушыларды анықтау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуде.

 

Байболат Култанов