Қазақстанның Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешенін ұсынды.
67 іс-шараның 20-сы орындалды, ал қалған 47-сі 2023 және 2024 жылдары жүзеге асырылады. Сондай-ақ өндіріс көлемін ұлғайту үшін 46 жаңа шара әзірленді. Осы шаралар кешені шеңберінде тұрақтандыру қорлары қайта форматталады, “Ауыл Аманаты” жобасын іске асыру басталады, жаңа сүт-тауар фермалары құрылады, импортты алмастыратын жобалар іске асырылатын болады.
Бұдан басқа, жаңа көлік бағыттары пысықталып, отандық тасымалдаушылардың үлесі ұлғайтылып, апта сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізілетін болады.