Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірледі.
Тұжырымдама отын-энергетикалық ресурстарды тұтынуды қысқарту және тиімсіз пайдалану арқылы Қазақстанның ЖІӨ энергия сыйымдылығын төмендету үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Тұжырымдаманы іске асыру өнеркәсіптің басым секторларында өнім өндіруге энергия ресурстарының үлестік шығысының төмендеуіне, бюджеттік секторда, ТКШ және көлік секторында энергия тұтынуды азайтуға әсер етеді деп күтілуде.