Қоғам

Беларустық аяқ-киім жәрмеңкесі жалғасуда

Александра Могильная беларустық аяқ киім жәрмеңкесіне асыға келген петропавлдықтың бірі. Жерлесіміз жазғы аяқ киім сатып алмақ. Ол тауардың жеңіл болуына әрі ыңғайлылығына баса назар аударады екен.

АЛЕКСАНДРА МОГИЛЬНАЯ, қала тұрғыны:

– Мұндай жәрмеңкеге бірінші рет келіп тұрмын. Жаңалықтардан естіп, бірден келдім. Сатушылардың айтуынша, олар осында жексенбіге дейін ғана болады. Соған дейін үлгеріп қалайын дедім. Аяғыма жеңіл аяқ киім іздеп жүрмін.

Көпшілік назарына 400-ден аса жұп аяқ киім қойылған. Оның 200-ге жуығы – жазғы. Басым бөлігі ортопедиялық екенін де айта кеткен жөн. Бүгінгі күнге дейін саудагерлер 100-ге жуық жұп тауарды сатқан.

ЭДУАРД ГАВРИЛЯК, сату жөніндегі менеджер:

– Сіздерге бірінші рет келіп жатқан жоқпыз. Бәрі біздің жәрмеңкемізді біледі. Аяқ киімнен бөлек, бізде сырт киімдер де бар. Өлшемдері 40-тан 70-ке дейін. Бағалары қолжетімді. Осы ретте айта кетейін, қысқы тондарға 50% жеңілдік қарастырылған.

Жәрмеңке Жамбыл Жабаев көшесі, 82А мекен-жайында, дәлірек айтсақ, “Теннис” орталығында қанат жайған. Тұрғындар таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін өздеріне ұнаған өнімді сатып ала алады. Қоса кетейік, бұған дейін Қостанайда болған саудагерлер Петропавлдан кейін Павлодарға жол тартпақ.

 

Гульден Симбаева