Экология

Аққайың ауданында балықтардың неден қырылғаны анықталуда

Аққайың ауданында мөңке балығының қырылу фактісі тіркелді. Оқиға 25-ші сәуір күні Тереңкөл көлінде болды. Аумаққа жедел арада жеткен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті мен балық инспекциясы мамандары сынама алған. Алдағы уақытта көл суы мен қырылып қалған балықтар тексерілетін болады. Әзірге жайсыз жайттың себебі белгісіз. Алайда, болжам бар. Жауапты сала өкілдері тіршілік иелері көлдің тайыз жерінде қатып қалуы мүмкін деп отыр.

 

Алдияр Айтпаев