БалаларҚоғамҚұқық қорғау органдары

Жас суретшілер полицейлердің қолынан сыйлық алды

– Спасибо за участие! Поздравляю тебя! Также дарим Правила дорожного движения.

Полицейлер қаламыздың жас суретшілерін марапаттауда. Бұл балалар – жақында бейінді департамент ұйымдастырған “Менің қаламдағы жол қозғалысы қауіпсіздігі” сурет байқауының қатысушылары. Дәлірек айтсақ, жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Сайыс ережесіне сәйкес 9-14 жас аралығындағы балалар қағаз бетіне жол қозғалысы ережелерін бейнелеуі керек. Берілген тапсырманы жоғары деңгейде орындаған балаларға грамоталар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шарада 10 жастағы Айлана Таңатар 1-ші орын жеңіп алды.

АЙЛАНА ТАҢАТАР, байқау жеңімпазы:

– Осы суретте мен адамдардың қауіпсіздігі туралы айтқым келді. Мысалы, бағдаршамның қызыл түсінде адамдар тоқтау керек. Сарыда жүруге дайындалып, жасылда орнынан қозғалу керек. Адамдар ережелерді сақтауы тиіс. Сақтамаса денсаулығы мен өмірлеріне қауіп төнеді.

 

Алдияр Айтпаев