Солтүстікқазақстандық полицей жауынгерлік атыс қаруынан өткен мергендік сайыста жеңіске жетті. Жеңімпазды облыстық ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов құттықтады. Полиция қызметкері Саят Елубаев өткен аптада Павлодар қаласында ұйымдастырылған “Алтын мерген – 2023” республикалық турниріне қатысқан болатын. Онда полиция департаменттері мен арнайы құрылымдардың 12 командасы, барлығы – 80-нен астам қызметкер сынға түсті. Мамандар нысананы әр түрлі қашықтықтан тізерлеп, түрегеп тұрып және тағы басқа қимыл жасау барысында көздеп атқан. Барлығы – 11 жаттығу орындапты. Жеңімпаздың айтуынша, қарсыластар тәжірибелі болған екен, жақсы дайындалып келген. Дегенмен, жинаған тәжірибесінің арқасында 1-ші орын иеленіп отыр.