“QAISAR” әскери -спорттық ойындарының іріктеу кезеңі өтті. 10-11 сынып оқушыларының арасындағы жарыс Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясында өтті. Іс-шараны “AMANAT” партиясының облыстық филиалының қолдауымен “Жастар рухы” жастар қанатының жергілікті мүшелері ұйымдастырды. Іріктеу барысында оқушылар қашықтыққа жүгіріп, кедергі жолақтарынан өтіп, саптық дайындық дағдыларын көрсетті. Сондай-ақ, “Менің елім – Қазақстан” атты тақырыбында өткен әскери-тарихи сауалнамаға қатысты. Бас жүлде Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия-интернатының командасына бұйырды. Жеңімпаздар өңір намысын мамырдың 2-сі мен 7-сі аралығында бас қалада өтетін финалда қорғайды.