Спорт

Кіл мықтылар анықталды

А.Винокуров спорт сарайында екі күн бойы палуандар сынға түсті. Құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері арасындағы бәсекеге елдің түкпір-түкіпірінен 176 спортшы қатысты. Ұлы Отан соғысының ардагері, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Ахмет Тұмарбековтың 100 жылдық мерейтойына арналған жарыс жоғары деңгейде өтті. Жалпыкомандалық есепте Қарағанды облысы ПД спортшылары 3-ші орын иеленді. 2-ші орын – Түркістан облысының полиция департаментінің еншісінде. 1-ші орынды Ақмола облысының полицейлері жеңіп алды. Айта кетейік, 74 келі салмақ дәрежесінде солтүстікқазақстандық Батырхан Қайырбек жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Білекті палуан – ІІМ қызметкері.

АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО полиция департаментінің бастығы:

– Спорт және салауатты өмір салты – еліміздің даму стратегиясының маңызды бағыттарының бірі. Қазақ күресі – ұлттық спорттың бір түрі. Мұндай жарыстарға қатысу қызметкерлерімізді шынықтырып қана қоймай, жеке құрамды патриоттық тұрғыда тәрбиелеуге де ықпал етеді.

 

Алдияр Айтпаев