Қоғам

Белорустық аяқ киім жәрмекесі

Петропавлдықтар үшін белорустық аяқ киімдердің жәрмеңкесі қайта ашылды. Қала тұрғындарының назарына көктем мен жазға арналған тауарлардың мол ассортименті ұсынылған. Сапалы аяқ киім іздеген жандар үшін жәрмеңке сәуірдің 30-ына дейін жалғасады.

АЛЕНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Жәрмеңкеде қысқы аяқ киімдер де бар. Оларға 30% жеңілдік қарастырылған. Тауарлардың бағасы 10 мыңнан басталады. Олардың барлығы былғарыдан, қой терісінен тігілген. Өнімдеріміз көптің көңілінен шығып жатыр.

Бұл жолы көпшілік назарына 500 жұп аяқ киім қойылған. Оның 200-ге жуығы жазғы. Тауардың басым бөлігі – ортопедиялық. Жалпы, белорустық аяқ киімдер зейнеткерлер арасында аса сұранысқа ие.

АЛЕНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Жәрмеңкеде сырт киімдер де бар. Өлшемдері 40-тан 70-ке дейін. Бағалары қолжетімді. Осы ретте айта кетейін, қысқы тондарға 50% жеңілдік қарастырылған.

Жәрмеңке Жамбыл Жабаев көшесі, 82А мекен-жайында, дәлірек айтсақ, “Теннис” орталығында қанат жайған. Тұрғындар таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін өздеріне ұнаған өнімді сатып ала алады. Айта кетейік, бұған дейін Қостанайда болған саудагерлер Петропавлдан кейін Павлодарға жол тартпақ.

 

Гульден Симбаева