Қоғам

Зираттар күл-қоқыстан тазартылуда

Шашылған бөтелкелер, ескі гүл шоқтары мен өзге де күл-қоқыс. Православ зиратына келген тұрғындар қалдықтарды арнайы жәшікке салмайды. Салдарынан аумақ ластанады. Ал шашылған қоқысты коммуналдық қызметкерлер жинайды.

Қызметкерлер Жұмысшы және Новопавловка кентінде орналасқан зиратты жинастырып жатыр. Қоқыс арнайы көлікке салынады. Іске 15 адам мен 6 техника жұмылдырылған.

СЕРГЕЙ ПЕРВУШИН, Петропавл және Булаев епархиясының хатшысы:

– 25-ші сәуір – Радоница күні. Бұл күні таңертең православ сеніміндегі христиандар құдайға ғибадат етеді. Кейін жақындары жерленген зиратқа барып, оларды еске алады. Мерекеде марқұмдардың құрметіне дастархан да жайылады. Ескерер жайт, бұл күні зиратқа түрлі тағам апарудың қажеті жоқ. Біз бейіттерді таза ұстауымыз керек.

 

Алдияр Айтпаев