Қазақстан жаңалықтары

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту мәселелері талқыланды

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, перспективалы газ кен орындары, кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету, теміржол инфрақұрылымын дамыту, сондай-ақ азаматтарды қысқы кезеңде көмірмен қамтамасыз ету  қарастырылды. Премьер-Министр көмірді біркелкі бөлу үшін цифрлық шешімдерді пайдалана отырып, ең жоғары кезеңдерде бағаның негізсіз өсуі үшін жағдайларды қоспағанда, отынды өткізудің ашық нарықтық тетігін пысықтау қажеттігін атап өтті.

Кеңеске орталық мемлекеттік органдар мен “Қазақстан темір жолы” және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты.