Қазақстанда мемлекеттік алимент қорын құру ұсынылады.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні алимент төлемейтіндер бойынша 273 136 іс жүргізілуде. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов мәлімдеді. Осыған байланысты депутаттар шет елдердің тәжірибесі бойынша мемлекеттік алимент қорын құруды талап етеді.
“Бұл бала үшін құрылған мемлекеттік көмек болар еді. Қазақстанда да осындай қорды құру тәжірибесі бар, 2018 жылы “Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы” заң қабылданды”, – деп қосты Магеррам Магеррамов.