Қазіргі қауырт маусымда түрлі маңыздағы 10 автожолды су басты. Республикалық маңызы бар “Челябі-Новосібір” жолы – бақылауда. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері брифингіде айтты.
МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Заречный кентіндегі үйінділер мен Тепличный ауылының тұсындағы бөгет бақылауда. Ол жерде арнайы белгілер қойылған. Учаскелерде тәулік бойы кезекшілік атқарылады. Әр 4 сағат сайын ақпар беріліп отырады.
Су тораптарының жағдайына келетін болсақ. Сергеев қоймасындағы судың деңгейі 65 см-ге кеміді. Покровка мен Новоникольское тұсындағы су да төмендеді. Құтқарушылар көрші Ақмола облысындағы жағдайды да назарда ұстап отыр.
МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
– Түнге қарай су деңгейі 25 см-ге көтеріледі. Сәуірдің 17-сінен бастап Есіл өзенінің Петропавл қаласы тұсындағы деңгейінің көтерілуі салдарынан 685 саяжай учаске аумағына кірді.
Өткен жылы көктемгі су тасқыны кезеңінде 1495 саяжай учаскесін су басқан болатын.
Гульден Симбаева