Облыстық полиция департаментінде жедел кеңес өтті. Жиында 3 ай ішінде атқарылған жұмыс қорытындыланды.
Бұл жөнінде департамент бастығының орынбасары Еңбек Сембин есеп берді. Айтуынша, жалпы өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты. Құқықбұзушылықтар 19%-ға азайған, ауыр қылмыстар – 14, аса ауыр түрлері 23%-ға кеміген. Алайда, кейбір аудандарда, нақтырақ айтқанда, Тайынша, Уәлиханов және Тимирязев аудандарында өсім бар. Облыс бойынша адамды тонау мен мал ұрлығы, кісі өлтіру фактілері азайған.
Еңбек Сембин, СҚО ПД бастығының орынбасары:
– Убийств на 50%, вымогательств на 50%, хулиганств на 40%, снизилось количество краж на 23,5%.
Жедел кеңесте тәртіп сақшыларының тәртібі де қаралды.
Өз араларында жемқорлықпен күрес қалай жүріп жатыр? Бұл мәселе де жіті назарда. Аталған бағытта алдын алу және түсіндіру жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұрады. Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтың мәлімдеуінше
жыл басынан бері 2700-ден астам азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшіліке жауапкершілікке тартылыпты. Оның 200-ден астамы – шетелдіктер. Департамент бастығы Айдын Қабдұлдинов
көші-қон заңнамасын бұзу жағдайларының алдын алуға екпін беру қажеттігін айтты. Сондай-ақ, оның айтуынша тұрғындардан қаңғыбас жандарға қатысты шағым келіп түскен.
Айдын Қабдұлдинов, СҚО ПД бастығы:
– Люди начинают жаловаться, что очень много бомжей сейчас во дворах. Разрабатывайте предложения о том, что будем делать по этому вопросу: по бомжам. МПС – тоже подключитесь!
Айдын Қабдұлдинов жиында қаралған мәселелер бойынша
облыстық және қалалық аппарат өкілдері мен аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына тапсырмалар берді.
Гульден Симбаева