Тұрақтандыру қорынан жеткізілген азық-түлік бекітілген бағамен саудалануда. “AMANAT” партиясының бақылау комиссиясы жанынан құрылған мониторингілік топ соңғы жарты жылда 82 сауда нүктесіне бас сұққан. Топ өкілдері әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі өнімнің құнын тексерген. Мониторинг барысында дүкен сөрелерінде тұрған тауарлардың бағасы 15 пайыздық үстемеден аспайтыны анықталды. Тіпті, кейбір жерде төмендетілген бағамен сатылып жатқаны белгілі болған. Мысалы, келісі 460 теңге тұратын қант бірқатар супермаркетте келушілерге 394 теңгеден ұсынылыпты. Сауда нүктелерінен бөлек, мониторингілік топ 30 жанармай құю станциясы мен 35 дәріханаға ат ізін салған. Онда да бұзушылық тіркелмеген.
Алдияр Айтпаев