БалаларМәдениет

НЗМ-де “Мерейлі отбасы” байқауы өтті

Петропавл қаласындағы НЗМ-да “Мерейлі отбасы” байқауы өтті. Дәстүрлі шараға 5 топ қатысты. Кезектесіп ортаға шыққан қатысушылар жанұя құндылықтарын паш етті.

БАҚЫТ НҰРЫШЕВА, химия-биология бағытындағы НЗМ жатақханасының меңгерушісі:

– Бұл байқау осымен 5-ші рет өткізіліп отыр. Байқау дәстүрлі түрде өтеді. Оның мақсаты – оқушылармен, ата-аналармен, мектеп қауымдастығымен тығыз қарым-қатынасты нығайту. Ұлттық тәлім тәрбие беру болып табылады.

Байқауға әр отбасы тыңғылықты дайындалған. Қатысушылардың арасында 9-сынып оқушысы Жәния Мұстафинаның да жанұясы бар. Шара барысында
олар өз әулеттерінің тарихын айтып, өнерлерін ортаға салмақшы.

ЕРМЕК МҰСТАФИН, ата-ана:

– Қазір болсын, қашан болсын, адамның мәңгілік құндылықтары бар. Соның бірі – отбасы. Адам сол жерде өніп-өседі, мейірім мен махаббат, тәлім-тәрбие алады.

Ал Ерсұлтан Жанғаринді қолдауға атасы мен әжесі келіпті. Олар байқауға ұлттық нақыштағы костюм тіктірген екен. Айтуларынша, отбасында жақсылыққа, еңбекқорлық пен тазалыққа ерекше мән беріледі.

ТҰРСЫН БЕКСҰЛТАНОВА:

– Қазіргі балаларға оқу керек, кітап оқу керек. Үлкендерді тыңдау керек. Оқуларына түсіп, жақсы оқуы керек.

Қазылар алқасы осы Жанғариндер жанұясын жеңімпаз деп тапты. Байқауды бақылаушы жандар отбасы мүшелерінің өнерін, ұлттық құндылықтарды сақтауын жоғары бағалаған.

 

Гульден Симбаева