Жыл басынан бері мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге республикалық бюджеттен шамамен 121,4 млрд теңге бағытталды.
Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 14,9 млрд теңге сомасына еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды. 2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МЖӘ алушылар саны шамамен 533,4 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша – шамамен 194,6 мың адамды құрайды.
Төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 8,5% – ға өсті.
Сонымен қатар, төлемдер мөлшері жеке және әр түрлі факторларға, соның ішінде орташа айлық табысқа және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.