Облыс орталығында облыстық полиция департаменті консультативтік-кеңесші органның екінші отырысы өтті. Жиында кадр жетіспеушілігі туралы айтылды. Өңірде 35 учаскелік полиция инспекторы жетіспейді, 20 жедел уәкіл қажет. Осыған байланысты полицейлер оқу орындарында кадр тарту мақсатымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Облыста биыл адам саудасына қатысты 2 қылмыс тіркелген. Бұл туралы осы жиында айтылды. 2 оқиғаның бірі жезөзекшелікке байланысты.
ЖАНДОС БАСЫБАЕВ, СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы:
– Елде жұмысы жәбірленушілердің құқықтарын қорғау және оларға көмек көрсетуге бағытталған 20-дан астам үкіметтік емес ұйым бар.
Олармен тығыз жұмыс істейміз және тиісті меморандумға қол қойылған. Біздің облыста Алина Орлова жетекшілік ететін “Әйелдерді қолдау орталығы” жұмыс істеп тұр.
Сондай-ақ, жиында адам саудасына қарсы интернет-ресурс құру туралы ұсыныс айтылды.
Гульден Симбаева