Қазақстанға Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының сарапшылар тобы келді.
Делегация ветеринарлық қызметтің тиімділігін және аусыл мен классикалық шошқа обасын бақылау бағдарламаларын бағалады. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Мамандардың міндеті-өңірлерде жүргізіліп жатқан ветеринарлық дәрігерлер мен инспекторлардың жұмысын талдау. Қазақстанның өңірлеріне сапар қорытындысы бойынша ДТЖ сарапшылары ветеринариялық қызметтердің үйлесімді жұмысын және оларды қажетті жабдықтармен толық жарақтандыруды атап өтті.
Сонымен қатар, мамандардың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар берілді.