Қазақстанда салауатты өмір салтын насихаттауды нығайтуға бағытталған Жол картасын бекітуге ниетті.
Жобаның мақсаты салауатты өмір салтын дамыту және өмір сүру ұзақтығын арттыру, денсаулық мәселелері бойынша халықтың сауаттылығын арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру болып табылады. Денсаулықтың алдын алу және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, салауатты және ұтымды тамақтануға жәрдемдесу, дене белсенділігі мен спортты дамыту, темекі өнімдерін, алкоголь өнімдерін тұтынуды қысқарту, психикалық және репродуктивті денсаулықты қорғау, жарақаттануды азайту жоспарлануда.
Сондай-ақ, жобада пайдалы ұлттық тағамдардың рецептерін және темекі шегуден бас тартуға арналған мобильді қосымшаны әзірлеу бойынша жұмыстар қарастырылған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының “СОЅІ” бастамасы шеңберінде жалпы білім беретін мектептерде, еңбек ұжымдарында жаттығулар бағдарламалары енгізілетін болады.
Үкіметтің тиісті өкімі Ашық НҚА порталында орналастырылған.