Құқық қорғау органдары

“Қауіпсіз жол” жедел-алдын алу шарасының қорытындысы

Полицейлер жолдағы бақылауды күшейтті. Өңірімізде жексенбі күні кезекті жедел-профилактикалық іс-шара мәресіне жетті.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– Жүргізушілердің көліктік тәртіптілігін жоғарылату және жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын алдын алу мақсатында облыс аумағында сәуірдің 10-ынан 16-сына дейінгі мерзімде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді.

1 апта ішінде өңірімізде жол қозғалысы ережесін бұзудың 2600-ден астам фактісі тіркелді. Көлік иелерінің арасында кеңінен таралған бұзушылық – қауіпсіздік белдігін тақпау. Профилактикалық іс-шара барысында осындай 360 факт тіркеліпті. Сондай-ақ, 300-ге жуық жүргізуші рөлде телефонмен сөйлескен. 200-ден аса адам жылдамдықты шамадан тыс асырса, 29-ы, тіпті, бағдаршамның қызыл түсін елемеген. Бұдан өзге де бұзушылықтар тілге тиек етілді.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:

– 27 фактісі – көлік құралын мас күйінде басқару, 16 фактісі – жүргізу құқығының бұрын айырылғандар және 259 фактісі – белгіленген жылдамдықты асыру, сонымен қатар, 5 фактісі – жолаушылар мен жүктерді заңсыз тасымалдау.

Осы орайда жүргіншілер тарапынан да бұзушылық тіркелгенін айта кеткен жөн. 1 апта ішінде 300-ге жуық адам жолдың белгіленбеген жерінен және бағдаршамның қызыл түсіне өткені анықталып отыр.

 

Гульден Симбаева