Спорт

Әуесқой хоккейшілер арасында халықаралық турнир өтті

Петропавлда хоккейден әуесқой командалар арасында халықаралық турнир өтті. Додаға барлығы 4 команда қатысып, өзара жүлделі орындарды сарапқа салды.

НИКИТЕНКО АЛЕКСАНДР, қалалық құраманың капитаны:

– Бүгінгі ойынға хоккейден қол үзбеген әуесқой спортшылар жиналды. Айдынға шығып, додаға түсуге қуана-қуана келістік. Кеше өкінішке қарай, жеңіліп қалдық. Бірақ, сағымыз сынбады. Себебі, ойынды жан рахаты үшін ойнайтын жандармыз. Хоккей маусымы аяқталуға жақын. Маусым соңындағы ойындарға қатысуды жөн көрдім.

Мұз айдынында – Ғ.Мүсірепов ауданы мен Петропавл қаласының ойыншылары. Алғашқы минуттан-ақ ойын қыза түсті. 1-ші периодтың 14 минутында алғашқы шайбы соғылды. Есепті Ғ.Мүсірепов ауданының командасы ашты.

ВЛАДИМИР ДУДИН, Ғ.Мүсірепов ауданы құрамасының капитаны:

– Дәл қазір қалалық командамен ойнап жатырмыз. Қарсылас команда мықты. Жеңісті қолдан берер емес. Ойынды шамалы ұмытыңқырап қалғанымыз рас. Бірақ, біз де тырысып жатырмыз.

Петропавлдықтар шабуылдарын үдете түсті. Барынша есепті теңестіруге тырысып жатыр. Қарсыластары лезде тойтарыс беруде. 1-ші периодтың 9-шы минутында есеп теңесті. Ал ойынның 15-ші минутында аудандық имеяктаяқшылар қақпаға 2-ші шайбыны дарытып, есепте алға шықты.

Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды Ресейдің Омбы қаласынан келген «Омск» командасы иеленді. Жүлделі 2-ші орын «Бестомар» хоккейшілеріне бұйырса, үздік үштікті Ғ.Мүсірепов ауданының командасы тұйықтады.

 

Аснурия Абдула