Жеке медициналық кітапша ҚР-да екі нұсқада қолжетімді болады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті медициналық кітапшаларды беру ережелеріне өзгерістер енгізді. Енді екі нұсқа бар: жеке медициналық кітапша және жеке электронды медициналық кітапша.
Электрондық кітапшада иесі, оның фотосуреті, кәсібі, жұмыс орны, туған күні және тұрғылықты жері туралы, сондай-ақ дәрігер тағайындаған аурулар, вакцинациялар және емдеу туралы ақпараттар бар.
Электрондық кітапшаны Медициналық қызметке лицензиясы бар ұйым ғана береді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.