Жаңа оқу жылынан бастап сұранысқа ие салаларда тегін кәсіптік білім алуға мемлекеттік тапсырыс республикалық бюджеттен 50 мың орынға ұлғайтылатын болады. Бұл туралы Қазақстанның білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл мемлекеттік тапсырыс бойынша 130 мың студентті оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде техникалық мамандықтарға мемлекеттік тапсырыс биыл 50% – ға және 2025 жылға дейін 70% – ға ұлғайтылды. 52 мыңнан астам студент Электротехника, энергетика, электроника, механика, техникалық қызмет көрсету және т.б. сияқты бағыттарды таңдады.
Өткен жылы кәсіпорындардың өтінімдері бойынша 10 мың студент қабылданды, биыл тағы 10 мың студент қабылдау жоспарлануда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттер стипендия, тамақтану және жол жүру түрінде әлеуметтік қолдау алады.