Қоғам

Облыста жұмыс орнында 3 адам қазап тауып, 3 адам жарақат алған

Жұмыста болған жазатайым оқиғада көп жағдайда жұмысшы емес, жұмыс беруші кінәлі. Бұл туралы облыстық еңбек инспециясының мамандары мәлімдеді. Биыл 3 солтүстікқазақстандық қызмет орнында зардап шеккен. Біреуі мүгедек болып қалды. Келлеровка ауылындағы мектепте жұмыс істейтін пеш жағушының үстіне көмір құлаған. Мамандардың айтуынша, көмірдің қалай қазылып жатқандығы жайында жұмысшы беруші бейхабар болған. Биыл облыста жұмыс орнында 3 адам қазақ тапқан.

АЗАТ КҮШЕРБАЕВ, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

– Қазіргі кезде 3 жазатайым оқиға тергеліп жатыр. 3 жағдайда да адам қаза тапты. Бүгін бұйрықтар жасалған болатын. Құрылыс саласында болды. 2 жағдайда құрылыста биіктіктен құлады, 1-еуінде ағаш кесу серіктестігінде кочегар уланып қалды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тағы бір оқиға ақпан айында Явленка ауылында болды. «Асыл газ» серіктесігінде еңбек етіп жүрген 42 жастағы ер адам баллон жарылып, қаза тапты.

АЗАТ КҮШЕРБАЕВ, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

– Ер адамға 5 литрлік цилиндрді газбен толтырып, қоймаға апару керек деген тапсырма берілген. Сол цилиндрді ешкім ұрлап кетпесін деп ер адам ғимараттың ішіне кіргізіп қойған екен. Бірақ, аяздан жылы нысанға кіргізілген баллон жарылады. Бұл жерде қос тараптың да кінәсі бар.

Жалпы, соңғы 3 айда еңбек инспекциясы 43 тексеріс жүргізген. Оның барысында еңбек заңнамасын бұзудың 52 фактісі анықталыпты.

АЗАТ КҮШЕРБАЕВ, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

–  14 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 2 млн теңгеге айыппұл салу түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әр түрлі жағдайлар болды. Жалақы төлемеу бойынша, еңбек шартын жасамаған және оқытулар болмаған бұзушылықтар болды. Жалақы төленбеген бір жағдай орын алды Ғ.Мүсірепов ауданында. Бүгінгі күні 52 адамның жалақысы төленді – 12,5 млн теңге.

Азаматтардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғау мақсатында мамандар «Еңбек шартын жасаңыз» науқанын өткізіп жатыр.

АЗАТ КҮШЕРБАЕВ, СҚО мемлекеттік еңбек инспекциясының бөлім басшысы:

– Бұл науқан бойынша жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта жоспарға сәйкес БАҚ арқылы жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, аудандар мен қала әкімдіктерімен бірлесіп сауда, қызмет көрсету нысандарына бару арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Аудандардағы еңбек инспекторлары шағын бизнес субъектілерін шақыру арқылы семинарлар өткізеді.

Өткен жылы облыста 7 жерде 250-ге жуық адамның еңбек шартынсыз жұмыс істеп жатқандығы белгілі болды. Негізінен, бұл жайттар құрылыс пен сауда саласында тіркелді. Адаммен еңбек шартын жасаспай жұмысқа қабылдағаны үшін 7 кәсіпкерге айыппұл салынды.

 

Самал Жунусова