Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринді қабылдады.
Мемлекет басшысына 2022 жылғы сауда саласын дамыту қорытындылары, үкіметтің бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралары, қазақстандықтарды өз өндірісіндегі азық-түлік өнімдерінің барлық желісімен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі ұсыныстар жасалды.
Серік Жұманғарин баяндағандай, Қазақстанның 2022 жылғы тауар айналымының жалпы көлемі 134,4 млрд долларды құрады, бұл 2021 жылғы көрсеткіштерден 32,1% – ға артық. Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің ішкі өндірісінің жай-күйі туралы ақпарат берілді.
Соңында Мемлекет басшысы әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру және қазақстандық тауарларды экспортқа жылжыту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.