Қазақстан жаңалықтары

Қазақстан Ұлттық Банкі 2030 жылға дейін ҚР Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы әзірледі

Қазақстан Ұлттық Банкі 2030 жылға дейін ҚР Ұлттық қорының активтерін басқару жөніндегі тұжырымдаманы әзірледі. Ұлттық банктің баспасөз қызметі бұл құжат Президенттің Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленгенін хабарлады.

Тұжырымдама инвестициялау саясатын және активтерді басқару принциптерін, соның ішінде жинақ портфелінің үлестерін бөлуді анықтайды. Жобаның мақсаты-ұзақ мерзімді инвестор ретінде Ұлттық Банктің іргетасын нығайту және негіздерін бекіту.

Тұжырымдаманы іске асыру 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларын жинақтау жөніндегі мақсатқа қол жеткізуге және “Ұлттық қор – балалар”бағдарламасының табысты жұмыс істеуіне ықпал етуі тиіс.