15 сәуір – Ғашықтар күні. Мерекеге орай облыс орталығында жұптардың сайысы өтті. Қозы мен Баянның кіршіксіз таза сезімі дәріптелген жарысқа барлығы 5 жұп қатысты.
СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, сайысты ұйымдастырушы:
– Біздің өңіріміз бен мемлекетімізде Қозы Көрпеш-Баян сұлу аңызын білетін адамдар аз емес деп айтуға болады. Дегенмен, сыйластықты арттыру, махаббаттың құндылығын түсіндіру үшін осындай шара ұйымдастырғанымыз жөн деп ойлаймын.
Әр дәуірдің өзінің Қозысы мен Баяны болады. Бүгінгі күннің ғашықтары – Дидар Аймұқан мен Аяулым Бекболатова. Күнделікті дос, ал бүгін жұп болған жастар М.Жұмабаев атындағы колледжден келіп отыр. Қазіргі заманда біреудің байлығына, лауазымына қызығып қосылып жатса, мына жастар дүние-байлықсыз-ақ бақытты болуға болатынын түсіндіре алды.
ДИДАР АЙМҰҚАН, АЯУЛЫМ БЕКБОЛАТОВА, байқауға қатысушылар:
– Сайысқа 2 күн дайындалдық. Дайындығымыз керемет деп ойлаймын. Біз негізі үй жұмысын көрініс ретінде дайындадық. Көріністе ән де, би де болады. Барлығын жақсы ұйымдастыруға тырыстық.
“Сезім” деп атанған жұп жақсы өнер көрсетті. Қара костюмді сері жігіт, ақ көйлектегі бойжеткен, ал-қызыл түсті гүл шоғы. Жастар риясыз, пәк сезімді сахналық қойылым арқылы паш етті.
Жастар кейін викторинарлық сұрақтарға жауап берді. Шара соңында қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.
Аснурия Абдула