Құқық қорғау органдары

СҚО полицейлері бір апта ішінде 18 атыс қаруын тәркіледі

Бір апта ішінде өңірде 18 атыс қаруы тәркіленді. Заңсыз заттардың бірі 56 жастағы қала тұрғынының үйінен табылды. Азамат әкесінен мұра болып қалған “ТОЗ-16” мылтығы мен 29 оқты бірнеше жыл бойы сақтап келген. Тимирязев ауданының тұрғынына да суық қару мирас боп қалған екен. Заңның ала жібінен Ақжар мен Мамлют ауданының тұрғындары да аттаған. Азаматтар сырттан табылған “ИЖ-17” және “ИЖ-18” маркалы мылтықты жасырын ұстаған. Барлық фактілер бойынша сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесіне сәйкес процестік шешім қабылданады. Жалпы, заңсыз қару сақтаған тұлғаларға 69 мың теңге көлемінде айыппұл салынады.

 

Алдияр Айтпаев