Құқық қорғау органдары

СҚО-да алаяқтар әйелмен телефон арқылы 4 сағат бойы сөйлескен

Облыста жыл басынан бері 180-нен астам интернет-алаяқтық тіркеліпті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша жалпы статистика төмендегенімен жалған “банктен қоңырау шалу” жағдайлары азаймай тұр. Қулар өз діттегеніне жету үшін түрлі қитұрқы әрекетке барады. Тіпті, жуырда әйел адамды телефон тұтқасына 4 сағат бойы жіпсіз байлап қойған.

– Одну женщину держали 4 часа на телефоне, не отпускали. То же самое, как у вас, Татьяна Михайловна: идите в банк, никому ничего не говорите, мы ведём спецоперацию по поимке сотрудников банка.

Алаяқтар аңғал адамды қармағына іліктірген соң «банктегі есепшотыңызға қауіп төніп тұр, бөгде біреулер ақшаңызды алғалы жатыр» деп сендіріп алады екен. Сөйтіп, қаражатын басқа шотқа аудару қажеттігін айтады. Соңында ақша ізім-ғайым жоқ болады.

– Я говорю: хорошо, присылайте мне повестку, я приду к своему… Он начинает: «Ну, какую повестку», – в смысле, говорю, какую повестку, вы же хотите от меня сведения какие-то получить? Либо присылайте ко мне участкового, либо говорите, куда я должна сейчас подойти. «Я в Астане нахожусь».

Қазір полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында ауқымды түсіндіру шараларын жүргізіп жатыр.

ТАЛҒАТ СМАҒҰЛОВ, қалалық ПБ екінші полиция бөлімінің бастығы:

– Уақыт өткен сайын алаяқтардың жаңа айла-әдістері пайда болуда. Осыған байланысты мектептер мен өзге де мекемелерде көлемді кездесулер өткізіп жатырмыз.

Осы ретте тәртіп сақшылары асығыс шешім қабылдамай, келіп түскен кез келген ақпаратқа қатысты абай болу қажет дейді.

 

Самал Жунусова