Жыл басынан бері өңірде абаттандыру ережелерін бұзуға қатысты 4 мыңнан астам факті тіркелді. Облыс орталығының өзінде қоқысты уақытылы шығармаған 49 кәсіпкер жауапкершілікке тартылған. Оларға 30 бен 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айта кетейік, тіркелген 4 мың фактінің 600-ге жуығы сәуір айында анықталған.
Алдияр Айтпаев