Ұлттық ұлан академиясында мектеп оқушыларына арналып ашық есік күні ұйымдастырылды. Барлығы – 140-тан астам ұл-қыз аталған оқу орнының жұмысымен танысты. Осылайша мекеме мамандары өскелең ұрпақтың бойына әскери-патриоттық сезімді дарытып, түлектерді Ұлттық ұланға оқуға түсуге шақырды. Шара барысында балаларға әскери техника мен атыс қарулары көрсетілді. Сондай-ақ, жастар казармадағы курсанттардың тұрмыс жағдайын өз көздерімен көрді. Петропавлдағы Ұлттық ұлан академиясынан 25 жылда 4 мыңнан астам офицер түлеп ұшқан.
Алдияр Айтпаев