Қоғам

Скутер мен велосипед иелері жол ережесін сақтауы тиіс

Өткен жылы облыс жолдарында скутер жүргізушілерінің қатысуыен 4 апат болған. Салдарынан 5 адам зардап шегіпті. Мұндайға жол бермеу үшін полицейлер тұрғындарды жалпыға ортақ ережені қатау сақтауға шақырады. Мопед және оған теңестірілетін көлік құралдарымен куәліксіз жүруге болады. Бірақ, тізгіндегі адам 16 жаста болуы тиіс. Ал велосипедпен 14 жастан қатынауға рұқсат етіледі. Қорғаныш бас киімі ұмыт қалмауы керек. Егер де оны жүргізуші кимесе, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ыңғайсыз жайт туындамас үшін тәртіп сақшылары велосипед пен скутер алуға ниетті жандарға алдымен жол жүру ережелері жазылған кітапшаны оқуға кеңес береді.

 

Байболат Култанов