Құқық қорғау органдары

СҚО-да биыл 35 жол-көлік оқиғасы болды

Жыл басынан бері облыста 35 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 адам қаза тапты. Соның біреуі – бала. 65 адам жарақат алған. Бесеуі – жасөспірім. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жол-көлік оқиғаларының арасында жиі кездесетіні – көліктердің бетпе-бет соқтығысуы. Осындай жағдайларды 20-сы облыс орталығында тіркеліп отыр. 3 оқиға мас жүргізушінің кінәсінен болған. Жаяу жүргіншіні соғып кетуге қатысты 9 факті тіркелді. Тұрғындардың көбісі жолды белгіленбеген жерден өтпек болған.

 

Гульден Симбаева