ҚоғамМәдениет

Облыста 500-ге жуық киелі жер бар

Қызылжар төрінде мен мұндалап тұрған «Абылай хан резиденциясы» музей кешені 2008 жылы ашылды. Талай тарихи жәдігер топтастырылған Абылайдың ақ үйіне бір жылда 20 мыңнан астам мейман келеді екен. Тарихи маңызы аса ерекше нысан бірнеше жыл бұрын Қазақстанның киелі жерлері картасына енгізілді.

ӘСЕМГҮЛ ҚЫДБЕКОВА, «Абылай хан резиденциясы» музей кешені директорының орынбасары:

– “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің өзі Қазақстанның киелі жері картасына енгізіліп отыр. Бұл картаға енгізілуіміздің себебі – оның тарихы. «Тарихты білмей болашақ жоқ», дейді, сондықтан да тұрғындар өз киелі жерлерін білу керек.

Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық киелі орын бар. 33-і облыс орталығында орналасқан. 33-тің 9-ы Қазақстанның киелі жерлері картасына енген.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Соңғы жылдары Алаш қайраткерлерінің объектісін анықтадық. 1917 жылы желтоқсанда Петропавл қаласында Совет үкіметі орын алды. 18 жылдың мамыр айында Совет үкіметі құлаған болатын. Сол кезде Алашорда өз билігін жүргізді. Соны ғалымдардың дәлелдемелерімен Қазақстанның киелі жерлерінің қатарына енгіздік.

Облыстық архив мамандары Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбек жолы жайында жеке кітап шығаруды жоспарлап отыр. Архив директоры Сәуле Мәлікованың айтуынша, тарихи ескерткіштер әлі де зерттеуді қажет етеді.

СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архивінің директоры:

– Архив қызметкерлерінің еңбектерімен белгілі Шоқан Уәлихановтың үйін киелі жерге қосып отырмыз. Оны жаңа деректермен толықтырдық. Айғанымның хаты, медресе, мешіт туралы да бар.

Бүгінші диалог алаңы форматында өткен шара Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне арналып ұйымдастырылды.

 

Гульден Симбаева