Қазақстанның ғылым саласында даму бар. Қуанышымызға орай, көштің алға жылжуына білімді де білгір жастар зор үлес қосуда. Қатарының алды саналатын мұндай жандарға түрлі бағытта қолдау керек. Оларға метериалдық көмек те көрсетілген жөн. Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында сөз алған бейінді министрлік өкілі Дархан Ахмет-Заки жас ғалымдардың бұйымтайын тілге тиек етті.
ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы:
– Жастарда қызығушылық бар. Соған сәйкес қаржылық қолдау көрсетілсе, үймен қамтамасыз ету жүзеге асырылса дейміз. Мәселені Үкімет қарайды деген сенімдеміз.
Ғылым саласында қаржының алар орны ерекше. Бұл бағытта ел билігі сараңдық танытып жатқан жоқ. Биыл аса маңызды секторға 158,6 млрд теңге бөлініпті. Аталған сома былтырғыдан біршама көп. Мемлекеттік қолдаудың бір бөлігі көпшіліктің көкейінде жүрген өзекті мәселелерді шешуге бағытталады.
ДАРХАН АХМЕД-ЗАКИ, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің төрағасы:
– Ауқымды гранттар су қауіпсіздігіне, робототехникаға және үлкен қалаларды дамытуға бағытталады. Сонымен қатар, жаңа энергия көздерін пайдалануға, ауыл шаруашылығына және денсаулық сақтау саласына бағыттаймыз.
Саланы одан әрі дамытудың бірден-бір жолы – жаңа толқынды дайындау. Бұл оңай іс емес. Бейінді министрлік алдағы уақытта насихаттау жұмысына көп көңіл бөлмекші. Ауқымды шаруа кезінде мектептер, төмен сыныптар қамтылатын болады. Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілері айдан анық.
Байболат Култанов