Облыста биыл жасөспірімдер жасаған 6 қылмысқа қатысты іс тергелді.
Оның барлығы өткен жылы болған. Бір жағдайда 16 жастағы петропавлдық
екінші рет қылмыс жасап отыр. Ол бұзақылыққа барып, адам денсаулығына зақым келтірген. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға бірнеше рет кез болған. Ювеналдық полиция аталған жасөспірімге қатысты тиісті материал жинап қойды. Ол ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымына жіберілуі мүмкін. Тәртіп сақшылары оқушылармен кездесу, есепте тұрған адамдарды тексеру, түнгі рейд ұйымдастыру арқылы жасөспірімдер тарапынан жасалатын қылмыстың алдын алуға әрекет етіп жатыр. Дегенмен де бұл – әлі де өзекті мәселелердің бірі. Өйткені, биылдың өзінде кәмелетке толмағандар 17 қылмысқа барған. Оның барлығы жеке адамға қарсы жасалған.
Гульден Симбаева